in

Ризабек – үш мәрте әлем чемпионы

Қазақстандық 20 жастағы еркін стильдегі балуан Ризабек Айтмұхан Албанияның Тирана қ­а­ла­сында өткен жастар арасындағы әлем чемпио­натында (23 жасқа дейін) жеңіске жетті. Ол финал­дық бәсекеде ирандық Махди Морафамен кездесіп, 97 келі салмақта бақ сынады.

Доданың ширек финалынан отандасымыз сүрінбей өтіп, жартылай финалда ресейлік Шамил Имам Гаджиалиевпен күш сынасты. Нәтижесінде, 7:4 есебімен Ризабек қарсыласын тізе бүктірді. 

Финалдық шайқас өте тартысты өтті. Екі палуанда барлық күш-жігерін жинап, осы додаға салды. Алғашқы минуттан бастап қос палуан бір-бір ұпайдан алып, белдесудің жартысын тең аяқтады. Шешуші екінші кезеңде Ризабек аса белсенділік танытып, қарсыластан айласын асыр­ды. Толық белдесу 11:6 есебімен отандасымыздың үлесіне шешілді. Осылайша, Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, Ризaбек бұған дейін қыркүйек айында өткен 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында да жеңімпаз атанған еді. Былтырғы жылы 92 келі салмақта ересектер арасында Қазақстаннан шық­қан алғашқы әлем чемпионы болды. Яғни, 1,5 жыл ішінде Айтмұхан үш түрлі жас санаты мен екі сал­мақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына ие болды.

Дегенмен Ризaбек Айтмұхан Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатыспады. 97 келі сал­мақта ол ішкі іріктеуде Алишер Ерғалиға жеңілген еді.