in

Қазақстандық спортшылар жартасқа өрмелеуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Қытайдың Тайань қаласында спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнирде Қазақстанның екі спортшысы жүлдегер атанды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық жартасқа өрмелеушілер «жылдамдық» пәні бойынша екі күміс жүлдеге ие болды. 

Олар –   Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева.

Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден жеңілсе, Ұлжабаева Шисюэ Мэнге (Қытай) есе жіберді.