in

Алтынбек Қоразбаев Алматыдағы дауыс беру учаскесіне келді

Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор және әнші Алтынбек Қоразбаев Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Өнер майталманы  №202 мектеп-гимназиясында орналасқан № 211 учаскесіне келді. Алтынбек Қоразбаев референдумның маңыздылығына ерекше тоқталды.

“Бүгін әрбір дауыс маңызды. Біз осы референдум нәтижесі арқылы халықтың көңіл күйін, сенімін, үмітін, қоғамымыздың даму жолындағы көзқарасын біле аламыз. Сондықтан баршаңызды дұрыс шешім қабылдауға шақырамын”, –  деді Алтынбек Қоразбаев. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін республикалық референдум өтуде. Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.