in

Жас ұрпақ ретінде болашағымызға ықпал ететін референдумға қатыстық – ALPHA тобы

Танымал қазақстандық ALPHA тобы Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Топтың солистері Тілеужан Уәлиев пен Ақжол Серікжанұлы Алматыдағы №362 және №382 сайлау учаскелерінде дауыс берді.

«Біз, жас ұрпақ ретінде болашағымызға ықпал ететін дауыс беруге қатысуға шешім қабылдадық. Өз ұстанымыңызды білдіру мүмкіндігін өткізіп алмаңыз. Біздің ортақ болашағымыз әрқайсымызға байланысты», – деді әншілер.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Алматыдағы сайлау учаскелерінде ғалымдарды, жазушыларды, актерлерді, музыканттарды және елдің басқа да танымал адамдарын көруге болады. Дауыс беруге халық артистері Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, танымал орындаушылар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары Raim, Айқын Төлепберген, Kyle Ruh, КешYou тобының бұрынғы әншісі Балауса Ерғалина да қатысты.