in

Жол апатынан бір адам қаза тауып, Toyota Alphard көлігіндегі жеті адам зардап шекті

Шымкентте жол апаты салдарынан бір адам мерт болып, жеті адам зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Otyrar.kz мәліметінше, жол апаты Алматы тасжолындағы Жібек жолы базарының маңында болған.    

Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан тасжолда Opel Vectra жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard көлігіне соғылған.  

Соқтығыстың күшті болғаны сонша, Opel Vectra-ның қозғалтқышы жұлынып, көлік шұңқырға құлап кеткен. 

Оқиғасы салдарынан Opel Vectra жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Toyota Alphard салонында болған жеті адам түрлі дене жарақатын алды. Бәрі Өзбекстан азаматы. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.