Желіде боксшы Жанқош Тұраровқа қарсы арыз жазған қыз туралы ақпарат пайда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұған дейін де ол басқа адамдарды зорлады деп айыптағаны белгілі болды.
Бұған дейін Жанқош Тұраровтың үстінен арыз жазған қыз Қонаев полициясына Алматы мен Өскемен тасжолында белгісіз біреулердің зорлағаны туралы арызбен жүгінген.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол полицияға жеткізілген.
“4 шілдеде Қонаев полициясына Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны хабарласып, “Алматы-Өскемен” тасжолында белгісіз біреудің зорлағанын айтты. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті полицияға жеткізілді. Қызметкерлер барлық қажетті сараптамаларды тағайындады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін боксшының осындай айыпқа ілінгені жөнінде ақпарат тараған еді. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.
Әйгілі боксшы да Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеме жасады.
“Үш қыз өсіріп отырған әкемін! (ары қарай сөзі өңделмей, пунктуация сақталды – ред.) Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!” – деп жазды Жанқош Тұраров.
Бүгін Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуіне тағылған айыпқа былай деп пікір білдірді.
– Қоңырау шалғанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген “подруга-таныстың” бәрі түннен бері хабарласып, жағдайымды сұрады ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр? – деп жазды Клара Иса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.