in

Тамара Асардың ұлы оқу бітіріп, диплом алды

Әнші Тамара Асардың ұлы Қамбар жоғары оқу орнын тәмамдап, диплом алды. Ол өзінің қуанышты жаңалығы жайында Instagram-дағы парақшасында бөлісіп, тұңғышының марапаттау салтанатынан фото жариялап, баласына аналық ақ тілегін жолдаған.

“Жапырағын жаяр бәйтерегім, жарығым! Қатты қағазың – дипломың құтты болсын, ақ Қамбар! Талабың оң болсын! Табысың мол болсын! Жолың ашық болсын! Арман-мақсаттарыңның иесі бол! Денің сау, бауырың бүтін, айналаң аман болсын! Маңдайыңда бағы жанар жігіттің төресісің! Тек алға! Біз сені қатты жақсы көреміз! Саған сенеміз”, – деп жазды өнер иесі.

Құттықтаулар легін желі қолданушылары да жалғастырып кетті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.