in

Волейболдан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан өз тобында көш бастады

Филиппиннің Кандон қаласында осы күндері әйелдер арасында AVC Women’s Nations Cup волейбол турнирі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үшінші матчын Иран құрамасына қарсы өткізді.

Кездесу отандастарымыздың 3:1 есебімен (13:25, 25:20, 25:14, 25:18) жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Гонконгты (3:1) және Индонезияны (3:0) жеңген болатын. Тоғыз ұпай жинаған біздің құрама В тобында бірінші орынға көтерілді.

Қалған матчтарда қазақстандық волейболшылар Ливан және Вьетнам құрамаларымен кездеседі.

Айта кетейік, А тобында Филиппин, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және Аустралия құрамалары өнер көрсетуде.

Топтық кезең қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда жартылай финалға жолдама алады.