“Жігіттер” тобының әншісі Ердос Қанаевтың жұбайы Айдана Мейірбекова отбасы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ерекше бала тәрбиелеген ана біраз сынақты басынан өткергенін жеткізіп, жан сырын ақтарды. Ол мұндай сынақты ешбір анаға тілемейтінін және баласына қарап, өмірдегі әрбір дүниенің бағасын білуді үйренгенін айтты.
“Коронавирус кезі. Сол кезде бала көгеріп ауырды. Сол кезде Жаратушымен тілдесіп, дұға жасаған едім. «9 жыл өмір сүрді. Енді қинамай алшы» деп. Ол жұта алмай жатқан ауаны мен жұтып жатқаным жүрегіме бататын. Тамақ іше алмайтын. 24 сағат ұйықтамайды. Ұят та болса айтайын, біз бара аламыз, ол дәретке өздігінен бара алмайтын. Ол үшін ауруханаға апарып, клизма жасататынбыз. …Балаға өлім тілеу – ана жүрегі үшін ауыр сөз. Бірақ мен бұл сұраққа “иә” деп жауап беруге мәжбүрмін. Тоғыз жыл бойы жалғасқан күрес, ұлымның ауыр дерті… Бұл – сырт көз түсіне бермейтін, тек бастан өткерген адам ғана шынайы ұғына алатын жағдай. Мен балама жамандық тіледім деп емес, оның қиналмай, Жаратқанның құшағында тыныштық тапқанын тіледім”, – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.