Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген қатардағы Жұлдызбек Ромашев Абай Құнанбайұлының көптеген өлеңін жатқа біледі. Бала күнінен әдебиетке құмар ол республикалық Абай оқуларының жүлдегері атанған.
Сарбаз бос уақытында Абай шығармаларын қайталап, әр жолынан тәрбие мен тағылым алатынын айтады. Оның бөлімдегі қызметтесі Бақытжан Артықбай да Абай оқуларының бас жүлдегері. Ол ақынның 50-ден астам өлеңін жатқа біледі.
Биыл Ұлы ақынның туғанына 180 жыл толуына орай Ұлттық ұлан бөлімдерінде Абай апталығы мен поэзия кештері өтуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.