in

“Жұмыстан кетіңдер деп жатыр”. Бағанашылдағы тәрбиешілер тағы көмек сұрады

Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, Бағанашылдағы балалар үйінің қызметкерлері әлдекімдердің оларды “өз еркімен жұмыстан кетуге” мәжбүрлеп жатқанын айтып, адвокат Анна Черновадан көмек сұрады.

“Бізге қысым көрсетіп жатыр. Біз алаңдаулымыз. Кеше бізге “қаласыңдар” деп айтты. Бірақ бізді “өз еркімен жұмыстан” кетуге мәжбүрлеп, балаларды қорғаған адамдардан құтылмақ. Өтініп сұраймыз, ұжымға қорған болыңызшы”, – деді қызметкерлердің бірі.

Еске салайық, Президент тапсырмасы бойынша Алматы қаласындағы “Бағанашыл” балалар үйінде тексеріс басталған. Онда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдықпен жүргізілетіні айтылған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.