Елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 16 шілде күні бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іс-шараны Алматы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырады. Жәрмеңкеде түрлі саладағы 80 ұйым 2000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету саласындағы компаниялар мен білім беру мекемелері бар.
Сондай-ақ, жәрмеңке барысында Joltap бағдарламасының өкілдері, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қаржы ұйымдарының мамандары келушілерге жұмысқа орналасу мен қолдау шаралары туралы кеңес береді.
Бос орындар жәрмеңкесі 16 шілде күні сағат 15:00-де Б.Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында басталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.