Бүгін Түркістан облысының Ащысай ауылында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
ТЖМ мәліметінше, жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық құрылыста өрт шығып, жалынның жақын орналасқан құрылыстарға таралу қаупі туды.
Өрт сөндіру бөлімінің шалғай орналасуына байланысты (шамамен 50 км) оқиға орнына алғаш болып осы ауылда жарты жыл бұрын ведомстволық «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында құрылған ерікті өртке қарсы құрылым мүшелері жетті.
Еріктілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт 80 шаршы метр аумақта оқшауланып, толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, – деп жазылған ресми жабарламада