АҚШ Құпия қызметі мәліметінше, жексенбіге қараған түні белгісіз ер адам сөмкесінен қару алып, Ақ үй маңында оқ жаудырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты BBC-ке сілтеме жасап.
Қауіпсіздік қызметі қарулы күдіктіге қарсы оқ атып, оны оқиға орнында залалсыздандырған. Атыс салдарынан көшеде өтіп бара жатқан бір адам жарақат алған.
Америкалық БАҚ мәліметінше, күдікті 21 жастағы Насир Бест болған. Ол бұған дейін де Құпия қызметпен қақтығысқа түскені айтылды.
Оқиға Ақ үй корреспонденттері қауымдастығы ұйымдастырған кешкі астан кейін бір ай өтпей тіркеліп отыр. Аталған шараға сол кезде Дональд Трамп те қатысқан.
CNN тілшілері Ақ үй маңында ондаған атыс дыбысы естілгенін хабарлады. Ал ABC News журналисі Селина Ван X әлеуметтік желісінде Ақ үйдің солтүстік алаңынан түсірілген видеомен бөліскен.
«Біз әлеуметтік желіге видео түсіріп тұрған кезде бірнеше ондаған атыс дыбысы естілді. Бізге жедел түрде брифинг бөлмесіне бару бұйырылды», – деп жазды журналист.